Қытай астанасында Қысқы Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Алау эстафетасын ресми түрде мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиада саябағынан бастау алды. Ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы біршама қысқарған. Коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатыспайды. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру жоспарланған.
Рәсім 2 және 4 ақпан аралығында Бейжің, Яньцин мен Чжанцзякоу қаларында өтеді.
Эстафета 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысады. Сондай-ақ тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, роботтар да алып жүреді.
Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан намысын қорғау үшін 34 спортшы аттанған.