Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай өкілі АҚШ делегациясының Тайваньға сапары туралы: Қауіпті қадам

0 163

Қытай үкіметінің Корей түбегі істері жөніндегі арнайы өкілі Лю Сяомин Twitter-парақшасында АҚШ конгресі делегациясының Тайваньға сапарына қатысты реакция білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лю Сяомин АҚШ делегациясының Тайваньға сапарын «қауіпті қадам» және «отпен ойнау» деп атады.

«Ал отпен ойнағандар өледі. Біз тиісті елдерді «Біртұттас Қытай» қағидатын берік ұстануға, Тайваньға қатысты мәселелерді дұрыс шешуге және Қытайдың ішкі істеріне араласуды тоқтатуға шақырамыз».

Сяомин АҚШ-ты қос ойын ойнауды доғарып, «Тайвань тәуелсіздігі» жөніндегі міндеттемесін орындау үшін нақты шаралар қабылдауға шақырды.

«Шетелдік қолдау арқылы тәуелсіздікке ұмтылу еш нәтиже бермейді, ал Тайвань мәселесін Қытайды тежеуге пайдалану – сәтсіздік. Қытайдың ішкі істеріне араласуға және Қытайдың бірігуіне жол бермеуге әрекеттенген кез келген адам немесе күш 1,4 миллиардтан аса қытай соққан ұлы болат қабырғаға қарсы тұрады».

Бұған дейін Тайваньға сенатор Эд Марки бастаған АҚШ конгрессмендерінің делегациясы келген болатын. Кездесу барысында тараптар АҚШ-Тайвань екіжақты қарым-қатынастарын, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелерін талқылауға ниетті екені атап өтілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.