Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытай армиясы Оңтүстік Қытай теңізінде әскери оқу-жаттығуларын бастады

0 634

Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) 2 тамызда Оңтүстік Қытай теңізінде кезекті әскери жаттығуларын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі .

ҚХР Теңіз қауіпсіздігі басқармасы 2-6 тамыз аралығында әскери жаттығулар өтетінін, осыған байланысты Оңтүстік Қытай теңізі ауданына, ведомство сайтында координаттары көрсетілген, кемелердің кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.

Жаттығуларға қандай әскер түрлері қатысатыны нақтыланбаған, алайда 2022 жылдың 1 тамызы мен 4 тамызы аралығында әскери оқ-дәрілерді қолдана отырып оқ атылатыны белгілі.

Сарапшылар Қытай армиясының белсенділігін ҚХАА-ның 95 жылдығын мерекелеумен ғана емес, сонымен қатар АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Азия елдеріне, соның ішінде Тайваньға сапарымен байланыстырады.

Еске салайық, Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты әзірге ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ шетелдік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ол аралға 2 тамызда кешке баруы керек деп жазады. Сондай-ақ, 3 тамызда Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесуі керек екені хабарланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.