Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыркүйек айында қант қандай бағамен сатылады?

0 272

Елдегі сауда орындарында қант еркін сатылымға шыққанымен, бағасы айтарлықтай өзгерген. 1 қыркүйекте Ресейде қант экспортына шектеу толығымен алынады. Осы ретте қазақстандық жеткізушілер қазірдің өзінде көршілерімен жаңа жүктің құнын талқылап жатыр. Шенеуніктер бағаның төмендейтінін айтып отыр деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Ертіс өңірінде «қант мәселесі»  қыстан бері өзектілігін жоғалтқан емес. Павлодар облысының тұрақтандыру қорында «Павлодар» ӘКК» деректері бойынша мың тоннадан астам қант бар. Сату бағасына келер болсақ, қанттың бір келісі – 478 теңге. Ал дүкендегі шекті бағасы 526 теңгеден аспауы тиіс. Бірақ, бір қызығы, үйдің жанындағы сауда нүктелерінде қанттың құны 750 теңгеге жеткен.

«Баға Ресейге экспорт рұқсат етілгеннен кейін тұрақталады деп күтудеміз. Олардың ұсынған бағасы 390 теңгеден жоғары»,  – деді Павлодар қаласының сауда саясаты бөлімінің басшысы Кәрімжан Қайсарин.

Мамандардың айтуынша, көтерме бағамен келетін қанттың бағасы біршама төмендеген. Тауар 570-590 теңгеден сатылып жатыр. Ал өнімді Ресейден жеткізгенде бөлшек сауда құны шамамен 400 теңгені құрайды деп болжанды. Бұл жаңалықты әсіресе саяжайы бар тұрғындар естіп қуануда. Өйткені күзде егін жинап, қыстың қамын ойлайтын азаматтардың қалталары қатты қағылмайтыны анық.

Дегенмен Шығыс Қазақстанда қант бағасы арзандайды деп айту әлі ерте. Қазір аталған аймақтағы сауда орындарында өнімнің бір келісі 680-700 теңгеге жеткен. Бірақ бұдан былай өнім әлеуметтік бағамен үйдің жанындағы дүкендерге де жеткізілетін болды.

«Ертіс» ӘКК мәліметтері бойынша, тамыз айында өңірде әкелінетін отандық  қант көлемі 2,5 есеге артқан. Егер бұрын апта сайын 150 тоннадан жеткізілсе, қазір 400 тоннаға алып келеді. Бағаны тұрақтандыру үшін «Крупнофф» ЖШС өңірлік дистрибьютеріне қарыз берілді.

«Қарыз біздің аймақтық дистрибьютеріміздің бірі «Крупнофф» ЖШС-не берілді. Олар қант зауыттарынан бір келіні 450 теңге бағамен сатып алды. Кәсіпорынның сауда үстемесі 19 теңгені құрайды. Халық 469 теңгеге біздің павильондар арқылы, ал кәсіпкерлер 15 пайыздық үстемақымен алады», – деді «Ертіс» ӘКК» Мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Артем Демидов.

Бұл әлеуметтік бағалар қыркүйек айының ортасына дейін сақталады деп болжанып отыр. Бірақ өнімнің құнын төмендету туралы нақты әлі ештеңе айтыла қоймады. Тек «Ертіс» ӘКК» Мемлекеттік бағдарламалар департаменті 1 қыркүйектен бастап Павлодарда уәде етілген бағамен ресейлік қант келсе, қазақстандық жеткізушілер бағаны төмендетуге мәжбүр болатынын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.