28 қарашада Қырғызстанда жетінші шақырылымдағы депутаттар сайлауы Жогорку Кеңеш өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.
«Ата Мекен», «Реформа», «Социал-демократтар», «Азаттық», «Ұлуттар биримдиги» партия жетекшілері бірігіп, ортақ мәлімдеме жасады.
Олардың мәлімдемесіне сәйкес, олар парламенттік сайлаудың нәтижелері фальсификацияланды, әртүрлі алаяқтыққа жол берілді деп мойындамай отыр. Саясаткерлер министрлер кабинетінің тез арада отставкаға кетуін, сондай-ақ адал қайта сайлануды талап етеді.
“Бұл сайлауды жарамсыз деп тану керек, әйтпесе біз халықаралық аренада масқара боламыз”, – деді «Ұлуттар биримдиги» партиясының көшбасшысы Мелис Мырзакматов.
Басылым мәліметінше, ОСК сайтында ақау орын алды. Деректер қате жарияланған. Кейінірек Ортсайлауком депутаттарды сайлау жүйесі бойынша екі бағдарлама: жәшіктегі дауыстар санын автоматты санау жүйесі және деректер жинағы мен оларды көрсету бағдарламасы әзірленгенін түсіндірді.
Ала мәліметтері бойынша, Жогору Кеңешге алты партия өтіп тұр: «Ата Жұрт Қырғызстан», «Ишеним», «Ынтымақ», «Альянс», «Бутун Қырғызстан» және «Ыйман Нуру».