Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қырғызстанға тәуелдіміз»: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жарық үшін әлі қырғыз сомымен төлеп отыр

0 111

Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының жартысы жарық үшін қырғыз сомымен төлеп отыр екен. Оның үстіне жарық жиі сөнетіндіктен тұрғындардың тұрмыстық техникалары да күйіп кетеді дейді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қазір Тасшолақ ауылының тұрғындары көршілерімен жарықты кезектесіп кестемен қолданады екен.

“Менің өзімнің үйімде шаңсорғышым күйіп кетті. Жақын маңда Ырысбек тәтемнің үйі бар. Ол кісінің тоңазытқышы күйіп кетті. Сондықтан чатта көршілермен ұрсысып қаламыз”, – деді Тасшолақ ауылының тұрғыны Салтанат Жаманбаева.

Тұрғындардың сөзінше, ауылдағы он үйдің жарығын көрші көшеге жалғау көп шығынды қажет етпейді.

“Қазақстанның жері, ал біз Қырғызстанға тәуелді болып жарықты алып отырмыз”, – дейді тұрғын Серікбай Анабаев.

“Бірінші кезекте, жарықтың құны қымбат. Біз 30 теңгеден төлейміз. Одан кейін теңге бағамы бар. Біз сомға ауыстырып, Қырғызстанның ақшасымен төлейміз. Одан тағы ұтыламыз”, – деп мәлімдеді тұрғын Жандос Зәуірбеков.

Ал аудан басшылығы электрик маман болғанмен, қаржы бөлудің тетігін таппаған. Арнайы қосалқы подстанса салмай Қазақстандық желіге ортақтастыра алмайтынын айтады.

“6 миллион 400 мың теңге бөлініп, осы Теміржолшы көшесіне өзіміздің трансформаторлар мен электр желілерін таратуға конкурс ойнатуға әзірлеп жатырмыз. Осы Қазақстанның электр желісін өзімізден алатын болады құдай бұйыртса осы жылдың аяғына дейін”, – деп түсіндірді Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Исатай Омаров.

6 миллион теңгенің жұмысына мердігер іздеген әкімдіктің жауабын жұрт 6 айдан бері естіп келе жатқанын айтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.