Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

0 263

Бүгін Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов пен Жамбыл облысы әкімдігі цифрлық технологиялар басқарма басшысы Архат Байқазақовтың арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Ұлттық цифрландыру жобасын бірге орындайтын болады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжатында ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеді.

Талғат Ешенқұловтың айтуынша, Университетте ақпараттық технологиялар факультеті бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы мен магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша IT мамандары дайындалып жатыр. Жыл сайын 100-ге жуық ІТ мамандарын оқытылады.

Сонымен қатар, университет бірқатар цифрлық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Мысалы, «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысындағы этностардың интерактивті картасы, 24/7 цифрлық кітапханасы, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйрету бойынша онлайн Qazalipbi.kz және т.б. бағдарламалар жүзеге асуда.

Меморандумға қол қою – бірлескен бағдарламалар мен ақпараттық технологиялар жобаларын әзірлеуге, оларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуге, сонымен қатар, IT саласы бойынша университеттің жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, Тараз қаласы мен Жамбыл бизнес құрылымдарымен тығыз ынтымақтастығына мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.