Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қылмыстық ахуал қатаң бақылауда

0 414

Тараз қаласындағы қылмыстық ахуал жыл өткен сайын тұрақталып келеді. Тәртіп сақшыларының бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде заң бұзушылық деңгейінің төмендеуіне қол жеткізіліп отыр. Осы мақсатпен ағымдағы жылдың 6 айындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы облыс орталығы бойынша қылмыстардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3 пайызға төмендегенін байқап отырмыз. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында көне шаһарда 1 666 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1 311 дерекке дейін төмендеген. Сонымен қатар есепті кезеңде қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстардың 15,3 пайызға немесе 608-ден 515-ке кеміген. Ал көшелерде жасалған заң бұзушылықтар қала бойынша 2 пайызға кеміп отыр.
Есептік кезеңде «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 6 908 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 923 тұлға анықталған. Аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру үшін Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі қылмыстардың алдын алу үшін «Құқықтық тәртіп», «Қадағалау», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Таза аула», «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын» және «Түнгі қаладағы балалар» акцияларын қаланың барлық әкімшілік учаскелерінде жергілікті пысықтаулар өткізеді. Аталған жұмыстар көшелердегі және қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, қоғамға жат көріністерге жағдай жасайтын факторлар ретінде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған. Қаланың ең криминогендік учаскелері саналатын «Шөлдала» тұрғын алқабы, «Самал», «Алатау», «Мыңбұлақ», «Аса», «Ұлы дала» шағынаудандарында әрдайым пысықтау шаралары жүргізіледі.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сауда нүктелерін, дүкендерді, сұлулық салондарын, басқа да шағын және орта бизнес субъектілерін айналып өтіп, олардың иелеріне өз мүлкін қорғау үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндіреді. Темір торларды, бейнекамераларды, дабылдарды және басқа да қорғаныс құралдарын орнату секілді кеңестерімен бөліседі.
Күн сайын полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құрылғысымен патрульдеу маршруттарында адамдар көп жиналатын орындарда (базарлар, аялдамалар, сауда орталықтары, автобустар) жеке заттардың сақталуы тақырыбында үгіт-насихаттық профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Сервистік полиция қағидатына сай учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік аумақтарында күнделікті тұрғындармен алдын алу және түсіндірме жұмыстары өткізіледі.
Халықпен тығыз байланыста болу үшін учаскелік полиция инспекторларымен тұрғындар арасында «WhatsApp» желісінде арнайы чаттар құрылған.
Қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шара үздіксіз жүргізілуде. Мейрамханалар, кафе-барлар, саябақтар мен скверлерде жасы кәмелетке толған балалар және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Тараз қаласы аумағында ЖКО-ның саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір төмендеген.
Қаладағы жедел жағдайды жақсарту үшін біз қажетті шаралар қолданудамыз. Қылмысқа қарсы күресте жұмыстың жаңа әдістері әзірленуде, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті тиімді сақтау жөнінде ұсыныстар енгізуде.

Тараз қаласының полиция басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.