Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қылмыспен қоғам болып күресуіміз қажет

0 1  394

Жуырда «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «Голливуд» залында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық тәртіпсіздіктің, буллинг және кибербуллингтің, ойын құмарлықтың (лудомания), зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жастармен «Қоғам және қылмыс» атты кездесу өтті.

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен басқосуға Тараз қалалық мәслихатының №5 сайлау округінің депутаты Зарина Қуатова, №18 сайлау округінен сайланған депутат Әйгерім Дәулетбаева және Тараз қаласы ПБ 2 ПБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Эльмира Байниязова, Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ұлжан Каленова мен жастар қатысты.
Спикерлер жастар арасында өсіп келе жатқан цифрлық белсенділікті ескере отырып, буллинг пен кибербуллинг мәселесін талқылап, ойынға құмарлықтың қоғамға төндіретін қаупі жөнінде тілге тиек етті.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.