Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ыдысын жуып, дискін ұстап жүреді»: Айдарбекова Қайраттың көмекшілері жайлы айтты

0 2  222

Гүлзира Айдарбекова шоу-бизнес өкілдері арасында кино түсіруді алғаш өзі бастағанын мәлімдеді. Ұлы Қайраттың жас кезінде «Өкініш» атты картинаны таспалаған продюсер идеяны ешкімнен ұрламайтынын айтады. Керісінше, Қайраттың әр қадамын әріптестері қайталайды, дейді Гүлзира Үсенқызы. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдарбекова ұлынан әнші шығаруды оның бала кезінде ойлаған. Тіпті, ешкімге ұқсамайтын сахналық жылтыр костюмдерін ертеден елестетіпті.

«Қайратқа дейін қаншама әншілер болды. «АБК», «Музарт», «Жігіттер» тобы, көптеген дуэттер қара, қоңыр костюммен шығатын. Ал Қайратты мен кішкентай кезінен жылтыраған костюммен елестететінмін. Кейін үлкен сахнаға шыққан кезде костюмі мен аяқ киіміне тастарды біртіндеп орнатып, әлемдік жұлдыз Хедуеймен бірге Республика сарайында концерт берді. Оның алдында погондармен, неше түрлі стильде шықты. Соны қаншама қыз-жігіттер қайталады», – дейді Айдарбекова.

Ұлынан жұлдыз жасау үшін Айдарбекова аз тер төкпеген. Мысалы, қақаған қыста Алматы көшелеріне шығып, концерт афишаларын жабыстырып, саусағының үсіген кездері болған.

«1-2 мәрте балаларға ақша беріп, Қайраттың афишаларын жабыстырып беріңдерші деп сұраған болатынмын. Күніне 200 доллар беретінмін. Бірақ балалар «түсіп қалыпты, ұрлап кетіпті» дейді. Көшеге шықсам, афиша аз тұрады. Өзім жасайын деп ойладым. Ешкімнің көзіне түсіп қалмас үшін түнгі 12-ден кейін шығатынмын. Қайраттың туған күні 25 ақпан, суық аяздың күні. Афиша не скотчпен, не желіммен жабыспайтын. Сонда тырнағым үсіп кеткен кездері болды», – дейді продюсер.

Ал бүгінде танымал хитменнің көмекшілері көп. Қайрат тіпті, дискілерін өзі ұстамайтын болып шықты.

«Қазір көмекші көп қой. Қайраттың костюмін біреу, дискін екіншісі ұстап жүреді. Көлігін біреу айдайды. Тіпті, ыдысты біреу жуып, тамақты біреу істейді десе болады», – дейді Айдарбекова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.