Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ядролық медицина орталығы алғашқы пациентті қабылдады

0 969

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Рустам Албаев әлеуметтік желідегі парақшаларында бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында айтулы оқиға – Ядролық медицина орталығы алғашқы пациентті қабылдады. Qazaqstan ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде қабылдау процессі көрсетіліп, орталықтың маңыздылығы жайлы айтылды деп жұртшылықпен бөлісті.

Ядролық медицина орталығы циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұрады. Орталықтың өндірістік базасында диагноз қою қиын обыр ауруларын, сондай-ақ кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік беретін радиофармпрепараттар өндірілетін болады.
Ал диагностикалық бөлімде орнатылған әлемдегі ең жаңа модель ПЭТ/КТ – абсолютті инновациялық цифрлық детекциялау жүйесі ісіктік өспелерді визуализациялаудың ең жақсы сипаттамаларына және жоғары сканерлеу жылдамдығына ие. Ядролық медицина орталығы Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да қабылданған радиациялық қауіпсіздік жөніндегі барлық талаптарға сәйкес салынған.
Ядролық медицина орталығы онкология бойынша есепте тұрған қазақстандықтарға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде қызмет көрсететін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.