Француз астрологы, дәрігер, алхимик және оракул Нострадамус (Мишель де Нотрдам) Ресей Президенті Владимир Путиннің өлімін болжаған. Ол бұған дейін де әлемдік маңызды оқиғаларды дәл болжай алған қасиетке ие деп хабарлады turkystan.kz Orda.kz–ке сілтеме жасап.
Болгариялық «Фактілер» басылымының хабарлауынша, Нострадамус жариялаған болжамдар сыни астрологияға негізделген. Ол Путиннің өмірінде кем дегенде бес қастандық болатынын мәлімдепті.
Нострадамустың пайғамбарлық өлеңдеріне сәйкес, 2022 жылы Путин теңізде жүзіп, найзағай соққан дауылды түнде қайтыс болады-мыс.
Сондай-ақ әйгілі астролог 2022 жылы ядролық бомба жарылып, салдарынан ол климаттың, Жердің орналасуының өзгеруіне әкелетінін де болжаған.