Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құқықтық сауаттылық – Әділетті мемлекет құрудың жолы

0 585

Болашағын бағамдайтын мемлекет жастар санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Білім мен ғылымның салтанат құруы Қазақстанның еңсесін ешкімге бастырмауға сеп болатын кезеңде атқарар жұмыстар нәтижелі болатынына сенім мол.

Біліммен қатар, қоғамдық белсенділікті және құқықтық сауаттылықты арттырғанымыз жөн. Заңдар жүйесі мемлекеттегі жағдайларға байланысты өзгертіп отырады. Қоғам хабардар болуы керек. Осы бағытты ұстанған Дулати университеті Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры – Төлендиев Қасымхан Естемесұлымен кездесу өткізілді.

–  Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент лауазымына кіріскеннен бергі 5-ші Жолдауы. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталғандығын  айтып, студенттер арасында болатын заң бұзушылықтарға тоқталды. Бастысы студент өз құқығын білсе, сауатты болса келеңсіз оқиғалар кезінде айтарлықтай қиындық туындамайтынын айтты.

Кездесу барысында студенттер сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.