Қалалық қоғамдық-саяси газет

WBA Әлімханұлы мен әлем чемпионының жекпе-жегіне қатысты сауда-саттықты шегерді

0 233

  WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін америкалық Деметриус Андраде мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жегіне қатысты сауда-саттық бір аптаға шегерілді, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасай отырып.

BoxingScene.com мәліметінше, екі жақ та Сан-Хуандағы (Пуэрто-Рико) WBO штаб-пәтерінде 14 қаңтарда (Қазақстанда 15 қаңтарда болады) өткізілуі тиіс сауда-саттыққа дайындалу үшін қосымша уақыт сұрады.

Айта кетейік, Андраде командасы ағылшындық Зак Паркермен бірге супер орта салмақтағы WBO атағы үшін жекпе-жектің қосымша нұсқасын пысықтап жатыр. Бірақ дүниежүзілік ұйым америкалық өкілдер нақты ұсынысты кешіктірді деп санайды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.