Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Вице-министр шаруалармен кездесті

0 43

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбылдық 150-ден аса шаруалармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ведомство өкілдері мен қаржы институттарының басшылары ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қолдаулар туралы айтып, жаңадан енгізіліп отырған несие бағдарламаларының шарттары мен алу жолдары туралы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, аймақ шаруалары қазіргі кезде өздерін алаңдатып отырған сауалдарын және салаға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде вице-министр әрбір пікірдің ескеріліп, министрлік тарапынан барынша қолдау болатынын жеткізді.
Айта кету керек, ертең вице-министр жұмыс кестесіне сәйкес облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралайтын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.