Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вирусолог «омикроннан» кейінгі COVID-19-дың болашағын болжады

0 715

Ресейлік вирусолог Анатолий Альтштейн коронавирус ауруының даму қарқыны бәсеңдейтінін, бірақ ауру жоғалып кетпейтінін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлемде иммундалған адамдар өте көп, вакцинаның көп мөлшері егілді, бірқатар адамдар ауырып шықты. Нәтижесінде вирустың дамуының болашағы бұлыңғыр. Эпидемия бәсеңдейді”, – дейді ғалым.

Сонымен қатар, маман COVID-19 адам популяциясынан тыс қалмайды деп санайды.

«Коронавирус кетпейді. Біз иммунизацияны жалғастырамыз, бірақ енді пандемия болмайды. Қалыпты өмірге ораламыз, бірақ біз бұл вируспен ұзақ және жиі айналысуымыз керек болады», — деді сарапшы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.