Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ветеринарларға арналған екі күндік семинар басталды

0 332

Ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыстағы ветеринариялық дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және емдеу шараларының методикалық және практикалық әдістемелері» тақырыбындағы екі күндік семинар басталды.
Аталған семинар «Шерхан Мұртаза» атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты және Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өтуде.
Айта кетейік, семинарға облыстағы ветеринариялық станциялардан барлығы 171 ветеринариялық дәрігерлерлер қатысып жатыр.
Сонымен қатар, семинардың бірінші күні тыңдаушыларға бағдарламаға сәйкес тақырыптың теориялық әдістері түсіндіріліп, ал келесі күні практикалық әдістері көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.