Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцинадан бас тартқан 3,3 мыңнан астам дәрігер жұмыстан шеттетілді

0 317

Британдық Колумбияның батыс провинциясындағы 3,3 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 вакцинасынан бас тартуына байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы дүйсенбіде Global News телеарнасы аймақтың денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Эдриан Дикске сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, облыстағы 127,5 мың медицина қызметкерінің 96 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтап үлгерді, ал 2 мыңнан астамы бір ғана инъекция алған. Қалған 3325 адам екпе туралы мәліметтерді беруден бас тартқан, немесе екпе алмаған, соның салдарынан олар жұмыстан шеттетілген. Дикс атап өткендей, аймақтағы ауруханалар медициналық кадрлардың тапшылығына ұшырады, осыған байланысты көптеген хирургиялық операциялар тоқтатылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.