Қалалық қоғамдық-саяси газет

Университет жобасы жүзеге асады

0 350

Жаңа инновациялық идеялар алаңына айналған «Жас ғалым» жобасынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұсынған жоба 19 миллион теңге қаржылай грантты ұтып алды. Осылайша жаңа жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр.

Университеттің «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д, профессор Исабай Бекбасаров кеңесшілігімен, «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Шаншабаевтың ғылыми жетекшілігімен жасалған«Фибробетонды полиберікті қағылмалы пирамидалы-призмалық қадалар дайындау»жобасы жеңіске жетті. Терең зерттеулер арқылы үлкен нәтижеге жетудің жолын ұсынған жоба жүзеге асса, бұл басқа ғалымдарға үлкен серпіліс берері анық.

Жалпы, өндіріс саласында, экономикада «өзіндік құны» деген термин бар. Ол дегеніңіз – кәдімді істің көзі деген мағынада. Егер қандай да бір істі қолға алып, көзін таппасаңыз, шығынға батарыңыз анық.

Бүгінде кез келген салада өнертапқыштарға қолдау көрсетіле бастағаны да, сондықтан. Себебі, өндіретін өнімнің жұмсалған қаржыдан немесе жұмыс күшінің еңбекақысынан асып түссе – ол жоба өзін-өзі ақтамағаны. Ал оның тиімді әрі өнімді жолы – ғылыми зерттеулер арқылы қол жеткізген жобалар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.