Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әулиебұлақ» каналы тазаланды

0 1  828

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл бағытта Тараз қаласында да ілкімді істер қолға алынуда.

Акция шеңберінде «Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары жұдырықша жұмылып, «Әулиебұлақ» каналының маңында өрттің алдын алу мақсатында сарғайып, қураған шөптерді орып, тазалау жұмыстарын жүргізіп, айналасын күл-қоқыстан тазалады.
– Біз акция аясында «Әулиебұлақ» каналының маңын қоқыстан тазарттық. «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақты туған өлкесінің табиғатын аялауға тәрбиелейтін маңызды іс-шара деп санаймын, – дейді «Жасыл ел» жасағының жауынгері Әмина Төлеген.
Иә, бұл, сөз жоқ, көпке үлгі боларлық іс.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.