Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әулиеата әкімдігінің құрылысы қарқынды

0 1  009

Биыл көршілес жатқан аудандардан 14 елді мекен мен 2 саяжайдың қосылуы нәтижесінде Тараз қаласының жер көлемі 13 мың гектарға ұлғайып, халық саны 482 мыңға жеткені баршаға мәлім. Осыған орай облыс орталығы 2 әкімшілік ауданға бөлінген болатын.

Көкжиегі кеңейген көне шаһарда Әулиеата және Жібек жолы аудандарының құрылуы қаланың аумақтық тұтастығын, бүкіл қаланы бақылауды, жалпыұлттық қызметтерді аумақтық ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қабылданған шара болды.
Бүгінде екі ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сай қайта құрылымы бекітілді. Соның бір көрінісі – Әулиеата ауданы әкімдігінің «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл мақсатта жұмыс жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысанның негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары сәуір айында басталған болатын. Мердігер мекемесі – «Агроспецстрой» ЖШС. Нысан 2026 жылға өтпелі.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.