Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украиналық теннисші Елена Рыбакинамен кездесу ойынынан бас тартты

0 393

Украиндық теннисші Леся Цуренко Порторошта (Словения) өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалдық кездесуіне қатысудан бас тартты. Оның қарсыласы Қазақстан атынан 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com порталына сілтеме жасап.

Осылайша, Рыбакина жартылай финалға жекпе-жексіз өтті.

Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы Ана Богдан (Румыния) немесе Беатрис Хаддад-Мая (Бразилия) болады. Қалған ширек финалда Анна-Лена Фридсам (Германия) Дайан Парримен (Франция) және Катерина Синякова (Чехия) Ясмин Паолинимен (Италия) кездеседі.

Барлық ширек финалдық кездесулер16 қыркүйекте өткізілмек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.