Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Украинадағы соғыс бірнеше жылға созылуы мүмкін»: Германияның сыртқы істер министрі

0 822

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Украинадағы соғыс бір жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол бітімге қол жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Европейская правда” басылымына сілтеме жасай отырып.

«Біз бұл соғыстың жылдарға созылуы мүмкін екенін ескеруіміз керек. Өйткені, өкінішке орай, Ресей үкіметі Украина мен оның тұрғындарын бағындыру туралы нақты идеядан тайған жоқ», – деді Анналена Бербок.

«Ресей Президентінің Украинаны қысқа мерзімде басып алу туралы идеялары жүзеге аспады. Украиндардың батылдығы мен халықаралық қару-жарақпен қамтамасыз етілуі ресейлік сарбаздарына жеңісті тойлауға мүмкіндік бермей отыр. Біз бұл жолда бәрін жасаймыз», – деп қосты министр.

Бербоктың айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы бітімге «өте қарапайым жолмен: Путин кінәсіз адамдарды бомбалауды тоқтатып, танктерін шығарған кезде» қол жеткізуге болады.

«Путин бұған кез келген уақытта тапсырма бере алады. Ол Украинаға шабуыл жасады. Сондықтан ол кез келген уақытта қайғы-қасіретті тоқтата алады», – деді Германияның СІМ басшысы.

Сонымен бірге, Анналена Бербок Ресейдің Украинаға толық басып кіруі –  «Путиннің соғысы, өйткені ол демократиялық емес билік жүргізеді» деп сендіреді.

«Демократиялық мемлекетте өз халқына зиянын тигізетін бұл соғысқа қарсы көтеріліс әлдеқашан болатын еді. Дегенмен, қарсы шыққандар құқық бұзушылыққа ұшырап, тұтқындалып, түрмеге жабылуда, дәлірек айтсақ, ұзақ жылдарға қамалуда», – деді Бербок.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.