Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украинадағы елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

0 202

Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтардың елден кетуін сұрап үндеу жолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үндеу Қазақстан елшілігінің Telegram-каналында жарияланды.

«Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе рейдтік сигналдарын елеусіз қалдырмауға және қауіпсіз аумақта қалуға шақырады. Сондай-ақ, Елшілік Қазақстан азаматтарынан мүмкіндігінше, Украина аумағынан кетуді сұрайды», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.