Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Украина НАТО-ға кірмейтінін мойындау керек» – Зеленский

0 342

Владимир Зеленский Украина НАТО-ға кіре алмайтынын мойындау керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Біріккен экспедициялық күштерге (Joint Expeditionary Force) кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн-кездесуінде Украина Президенті ел НАТО-ға мүше емес екенін атап өтті.

«Біз мұны түсінеміз, адекват адамдармыз. Біз қаншама жыл бойы олардан есік ашық дегендей ақпаратты естіп келдік, бірақ қазір оған кіре алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл – шындық және оны мойындау керек. Халқымыз осыны мойындап, өзіне және бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сене бастағанына қуаныштымын», – деді Зеленский.

Сонымен қатар, ол НАТО-ны Украинада ұшпайтын аймақ құруға тағы бір рет шақырды және ол Киев бұл қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсінетінін айтты. Зеленский Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупіне байланысты одақ мүшелерінің қорқынышын «өз-өзіне жасап отырған гипноз» деп атады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.