Ресей мен Украина делегациясының екінші келіссөзі мәресіне жетті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келісті.
-Екінші кездесу біршама нәтиже берді. Енді жақын арада тағы кездесіп, мәселені талқылаймыз, – деді Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк.
Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский де келіссөзде кейбір мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін айтты.
– Осы жолы халықаралық гуманитарлық мәселе, жанжалды саяси жағынан реттеу және әскери қақтығысты тоқтату жөнінде сөйлестік. Олар туралы жеке-жеке айтамыз. Жалпы, аяқалысымыз жаман емес. Кездесуде гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келістік, – деді ол.