Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әуежай» аймағындағы көшелерге асфальт төселуде

0 700

Тараз қаласындағы «Әуежай» аймағындағы тұрғындарды жол мәселесі бірнеше жылдан бері алаңдатып келген. Биыл аталмыш мәселенің түйіні тарқатылып, тұрғындар қуанышқа кенелуде.
Осыдан екі апта бұрын Т.Мұсабаев, Т.Әубәкіров, Т.Бигелдинов, Аэропорт көшелеріне жол негіздемесі төселіп, құрылыс жұмыстары қарқын алған болатын.
Бүгінде Т.Әубәкіров, Т.Бигелдинов көшелеріне асфальт жабындысы төселсе, Аэропорт, Т.Мұсабаев көшелеріне бірер күнде асфальт төсеу жұмыстары басталады.

Ұзындығы 1 шақырым 830 метрді құрайтын жолдың құрылысын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізсе, техникалық бақылаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.