Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әуесқойлықтан – кәсібилікке…

0 255

Дулати университеті «Өнер және спорт» факультеті, Мәдениет және спорт кафедрасында  биыл 94 жас студент атанған. Талантты, дарынды жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Мамандықтарына махаббатпен қарайтын студенттердің әр күні думанға толы. Білім мен тәжірбиені қатар үйрететін оқытушылар шығармашыл жастарға шабыт беру үшін қағидалардан бас тартады. Өйткені өнер адамы еркіндікті сүйеді.

   

Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші дәстүрлі түрде салтанатты жиын болып өтеді. Биылғы жылы да  ұмыт қалған жоқ. Болашақ өнер майталмандары алдын ала концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым қойып көпшілікке көңілді күй сыйлады.

 

Іс-шара барысында Мәдениет және спорт кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиевна сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.