Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тыңшылық жасаған»: Ресейдің 6 дипломаты қуылды

0 459

Франция Ресейдің тағы 6 дипломатын елден қуды  деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оларға «тыңшылық жасады» деген айып тағылған. Тиісті құжат еуропалық елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Францияның арнайы қызметі тергеу жүргізіп, Ресей елшілігінің қызметкерлері француз мемлекетінің ұлттық мүддесіне қарсы жұмыс істеді деген қорытындыға келген.

Еске сала кетейік, осы айда ресми Париж Ресейдің Украинада әскери операция бастаған әрекетіне наразылық ретінде 35 дипломатты еліне қайтарған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.