Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоғызкенттіктер өз таңдауын жасады

0 1  496
Кеше Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға 2 кандидат қатысты. 
Дауыс беруге сайлаушылардың 98,08 пайызы немесе 867-сі қатысты (барлық сайлаушшы саны – 884).
Сайлау бюллетендеріне 2 кандидат енгізілді. Олардың біреуі «Nur Otan» партиясынан қатысса, екіншісі өзін-өзі ұсынушы. 1 кандидат өз өтінішінің негізінде кандидатурасын алып тастады.
Сайлау барысын 3 бақылаушы мен кандидаттардың 2 сенімді өкілі бақылады.
Сайлау барысында заңбұзушылықтар орын алған жоқ, санитарлық нормаларды сақтап өткізілді.
Прокуратура мен сотқа арыз-шағымдар түскен жоқ.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Медет Әбдікәрімұлы Күзембаев 839 дауыс (96,99%), өзін-өзі ұсынушы Гүлсім Тәнірбергенқызы Махажанова 26 дауыс (3,01%) жинады.
«Барлығына қарсы» ешкім дауыс бермеген. 2 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Медет Әбдікәрімұлы Күзембаев (жұмыссыз) 839 дауыс жинап (96,99%), Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылдық округі әкімі боп сайланды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.