Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаевтың ұсынысынан кейін Конституция өзгертіле ме: Президент сайлауы қандай мерзімде өтпек

0 336

Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Аталған ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді. Өйткені Конституцияның президент туралы бөлімінде өкілеттік мерзімі бес жылды құрайтыны жайлы норма бар. Сондай-ақ мемлекет басшысына екі реттен артық сайлануға болмайтыны туралы бөлек бап бар. Бұл екі норма өзгеруге тиіс», – деп түсіндірді Мұқанова мәжіліс кулуарында.

Вице-министрдің айтуынша, заң бойынша сайлауға дайындалуға екі ай беріледі. Сол себепті алдағы кезектен тыс президент сайлауы биыл қараша айында өткізілуі мүмкін.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте жасаған жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады.

Сонымен қатар Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, яғни қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.