Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев өзін елден қууға тырысқандары жөніндегі нұсқаның шындыққа жанасатынын айтты

0 937

   Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғаларын өзін елден қуу үшін ұйымдастырылғанына қатысты нұсқаға пікір білдіріп, мұның шындыққа жанасатынын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл ресейлік арнайы қызмет өкілдерінің болжамы секілді. Болжам шын болуы да мүмкін, себебі олар елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Қалай болғанда да, алдын ала дайындалған қарулы лаңкестер құрылымы билікті басып алғысы келді. Сондықтан шетелдік сарапшылардың нұсқасы шындыққа жанасады», – деп қосты ол сұхбат кезінде.

Ол Қазақстанның бұл жағдайды тыңғылықты зерттеп, сәйкес бағасын беруі керек екенін мәлімдеді.

«Сабыр түбі – сары алтын» дейді ғой. Бұл сұрақта асықпау керек, барлығын саралаған жөн. Асығыс шешім қабылдамау қажет. Өз алдыма шындыққа жетемін деген мақсат қоямын», – деп атап өтті Президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.