Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев ТМД елдерін вакцинация төлқұжатын мойындауға шақырды

0 280

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында вакциналау паспортын мойындау ісін жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, бұл өзара сенімнің маңызды қадамы.

Мемлекет басшысы Қазақстанда отандық вакцинаны өндіру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Сонымен қатар QazVac вакцинасының өзге елдерге гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілгенін атап өтті.

«Күрделі кезеңде ТМД елдері бір-біріне қолдау білдіріп, ынтымақтастық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл жерде Ресейдің рөлі ерекше. Біздің елдер коронавирусқа қарсы күресте жақсы тәжірибе жинақтады. Соның ішінде вакцина жасау ісінде ілгерлеу бар. Тек жалпыхалықтық иммундау ғана жағдайды тұрақтандырып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғай алатыны анық», – деді Тоқаев ТМД елдері басшыларының онлайн кеңесінде.

Президенттің сөзінше, қазақстандық QazVac вакцинасы жоғары тиімділікті көрсетті. Тағы бір отандық препарат сынақтан өткізіліп жатыр. Үш вакцина клиникалық сынаққа дейінгі кезеңде. Сонымен қатар Қазақстан ресейлік Спутник V вакцинасын өндіреді.

«Сіздердің елдеріңіз де бұл салада белсенді жұмыс атқарып жатқаныны білемін. Қазақстан тәжірибе алмасуға, әріптестікке және вакцина жеткізуге де дайын. Сонымен қатар ТМД елдері арасында вакциналау паспортын өзара мойындау ісін жеделдетуді ұсынамын», – деді президент.

Қазақстан 13 елдің вакцина паспортын мойындады. Олардың қатарында – Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғызстан, Монғолия, Таиланд, Түркия және Эстония бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.