Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Орталық сайлау комиссиясы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.
Президенттікке кандидат куәлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы Ерлан Қошановқа табысталған.