Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев Назарбаевты Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

0 957

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.

12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

«Мүше мемлекеттер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды, сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін», – деді Рахметуллин кездесуге қатысушыларға.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.