Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ақорданың БОРТ№1 Telegram каналы.
– Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.