Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі Руслан Желдібай мәлімдеді.
“Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады”, – деді Желдібай.
Ахмет Байтұрсынұлы – тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист. “Алаш” партиясының мүшесі.
1937 жылы репрессияға ұшырады. Қайтыс болғаннан кейін ақталған.
Қазақ тілінің негіздерін және қазақ грамматикасын анықтауға арналған ғылыми терминологияны әзірлеген.