Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев еліміздегі дизель жетіспеушілігі мәселесін өткір сынға алды

0 524

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дизель отынының жетіспеушілігі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазан айында елімізде дизель отының жетіспеушілігі байқалды. Оны қолмен жасалды деуге болады. Бұл жағдай дизель бағасының өсуіне ғана емес, транспорттық компаниялар, ҚТЖ жұмысында мәселелер туындауға себепші болды. Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етуге кедергі келтірді», – деді Тоқаев Екібастұздағы кеңесте.

Президент айтып өткендей, мұнай өңдеу көлемі өскенімен және мұнай өңдеу зауыттарының жетілдірілуіне қарамастан, үкімет пен «Самрұқ-Қазына» қоры бірлесе отырып мұнай өнімдері жетіспеушілігінің алдын ала алмаған.

«Мемлекеттік материалдық қор мен Төтенше жағдайлар министрлігінің инфрақұрылымы неліктен іске қосылмағаны түсініксіз. Мемлекеттік қорда 50 мың тонна дизель отынын сақтауға болады. Бұл қиын кезеңде баға өсімінсіз және тапшылықсыз өтуге жеткілікті.

Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру сапасы жайлы бірінші рет айтып отырған жоқпыз. Зауыттарды жетілдіру үшін 2 трлн теңге бөлінсе де, неліктен зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылады? Бұл – жауап беруді қажет ектетін қызықты сұрақ», – деп қосты Президент.

Президент үкіметті жауапкершілікті өз мойнына алып, осы сұраққа жауап беруге шақырды.

«Егер мәселе тариф және баға өсіміне келсе, үкімет тұрғындарға мұның халықаралық нарықты есепке ала отырып жасалғанын ашық жариялауы керек. Тағы да айтамын, үкімет өзіне осындай жауапкершілікті алуға міндетті. Сонда билік не үшін? Бізде басқа органдар жоқ. Сондықтан маған шешімнің бірнеше нұсқасын көрсетіңіздер, өйткені бұл нақты жауапты қажет етеді. Әйтпесе еліміз мұндай мәселеге тағы да тап болуы мүмкін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттің мұнай өнімдері бағасын реттеуден бас тартқанын қосып өтті. Алайда оның сөзінше, бұл бағаны өз бетімен жіберу керектігін білдірмейді екен.

«Егер нарық халық үшін емес, өзі үшін жұмыс істесе, бағаны реттеуді қайтару керек шығар. Мен Президент Әкімшілігіне тапшылық байқалған сәтте оның себептерін анықтауға және саланы реформалау бойынша бірнеше жүйелі ісшараларды ұсынуға, қажет кезде құқық қорғау органдарын жұмылдыруға тапсырамын», – деп қорытындылады Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.