Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні туралы жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», – деді Мемлекет басшысы.