Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев «Amanat» партиясынан кетіп, жаңа төраға сайланды

0 411

Елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Amanat» партиясының съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Көп жағдайда біздің азаматтар Жаңа Қазақстан деген не деп сұрап жатады. Бұл сұраққа қысқа әрі нұсқа жауап беруге болады: Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан. Біздің азаматтарға әлеуметтік әділеттілік жетпейді. Мемлекеттік аппараттың . Сол себепті Аманат партиясы осынау аса қиын жағдайды өзгертуде үлкен міндет артылып отыр», — деді ол.

Президент сонымен қатар маңызды мәлімдеме жасады.

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауамызымынан босап, ұймы қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап Аманат партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар», — деді президент.

Сондай-ақ Президент  «Amanat» партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.

«Жұмысты жалғастыруға оның ерік-жігері мен білімі жетеді. Жалпы бүгінгі өзгерістер партияның жаңара түсуіне жол ашады. Мен сіздерге сенемін», — деді мемлекет басшысы.

Сөйтіп, Президенттің ұсынуымен «Amanat» партиясының төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Айта кетсек елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Amanat» партиясының съезі өтіп жатыр. Отырыста «Аманат» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.