Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тілсіз жаумен күрес тиісті деңгейде жүргізілуде

0 498

Бүгінде облыста өрт қаупінің алдын алуға байланысты орман қорындағы орманшылықтарда 34 өрт бақылау мұнаралары жұмыс жағдайына келтіріліп, қауіпті аумақтардағы 61 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құрылған. Сондай-ақ күніне екі рет орман қорындағы орын алған жағдайлар бойынша басқармаға рациялық байланыс құралдары арқылы есеп берілуде.

Қазіргі уақытта мекемелер бойынша 258 өрт жасағы және орман қорғау қызметкерлерінен құрылған өрт сөндіруші топтарда 557 адам жұмыс істеуде. Мәселен, 1-үлгідегі өрт сөндіру станциясының құрамында 124 жасақ, 173 штат болса, 2-үлгіде 134 жасақ, 264 штат бар екен. Жасақтың бәрі 100 пайыз нысаналы формалармен қамтамасыз етілген және арнайы оқудан өтіп, сертификатталған.
Сонымен қатар орман қорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара жоспары бойынша 11154,5 шақырым минералдандырылған жолақтарға күтім жасау жұмыстарына 22,8 миллион теңге бөлініп, аталған жұмыстар мамыр айында жүзеге аспақ. Осы орайда 2020 жылы орман қоры жерінде 19 өрт оқиғасы тіркеліп, өртенген жерлер аумағы 41 777 гектар аумақты құрап, өрттен келген шығын көлемі 15,8 миллион теңге болса, былтырғы көрсеткіш бойынша 17 есеге азайғанын айта кеткен жөн. Ал ағымдағы жылы өрт қаупі бар маусымы басталғалы бері бұқаралық ақпарат құралдарында Тараз және өңір тұрғындары үшін 14 мақала, өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша 243 дана парақша, 14 жиналыс пен дәрістер өткізілген. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері әзірге тіркелмеген. Аталған іс-шаралар өрт қауіпті маусым бойы тұрақты жүргізіле бермек. Бүгінгі таңға орман шаруашылығы мекемелері 122 дана әртүрлі маркадағы автокөлік, 79 дана трактор, 77 дана тіркемелі соқа, 55 дана мотоцикл, 14 дана АЛФ өртке қарсы агрегатымен және 12 дана өрт сөндіру автокөлігі арқылы тілсіз жаумен күресуге сақадай сай дайын тұр.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.