Жуырда Т.Рысқұлов ауданы төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция бөлімі, Т.Рысқұлов аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Т.Рысқұлов ауданы филиалының өкілдері, аудандық электр желілерінің тарату мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үйлердегі тілсіз жаудың алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бейімдеу мақсатында Ақниет ауылдық округіне қарасты Д.Қонаев ауылында өрт қауіпсіздік сенбілігі ұйымдастырылып, тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың назарына, қысқы мал азығын шөпті сақтау кезіндегі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындарға түрлі тақырыптағы жадынамалар таратылды.
Дариха Үмбетиярова