Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тілшілер мерейі өскен күн

0 276

Тараз қалалық әкімдігінің мәжіліс залында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қыз- меткерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында қала әкімі Бақытжан Орынбеков ақпарат саласының үздіктерін арнайы құттықтап, ізгі тілегін арнады.
– Сіздер жаңалықтың жаршысы ретінде өңірдегі барлық болып жатқан оқиғалардың алғы шебінде жүріп, бұқара мен билік арасында алтын көпір қызметін атқарып келесіздер. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс табуда. Осы арқылы сіздер өңіріміздің ғана емес, тұтас еліміздің дамуына да үлес қосып келесіздер, – деді шаһар басшысы Б.Орынбеков.
Сонымен қатар қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Сейдазимов, Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К.Олжабай және облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ж.Миллионов журналистерге ақжарма тілегін арнады. Белгілі қаламгер, журналист, Тараз қаласының Құрметті азаматы Көсемәлі Сәттібайұлы да ақпарат айдынында жүрген замандас әріптестері мен іні-қарындастарын мерекемен құттықтады.
Мерекелік кеш соңында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қала әкімдігінің арнайы сыйлығы табысталды. Марапатталғандар қатарынан әріптесіміз, «Jambyl-Taraz» газетінің бөлім басшысы Құрбанәлі Шахабай да көрінді.
Қабылдау барысында құрметке бөленген журналистер өздеріне көрсетілген құрмет пен ілтипатқа алғыстарын білдіріп, қоғам дамуы жолында ары қарай да еңбек ете беретіндерін жеткізді. Сондай-ақ мереке қарсаңында мерейі үстем болған журналистер аудан әкімімен бірге естелік үшін суретке түсті.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.