Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тіл – тәуелсіздік тұғыры

0 420

Қазақстандағы жаңа қоғамдық даму үрдісімен оның қазіргі геосаяси, экономикалық жағдайы ұлт мәдениетінің, ғылымының, тілдік  жүйесінің  сыртқы факторларды ескере отырып, жаңа бағытта дамуын талап етіп отыр.

Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Гуманитарлық-әлеуметтік  ғылымдар» факультетінің «Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан: тіл және ономастика» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Онлайн және оффлайн форматта өткен басқосуға елімізбен қатар Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының ғалымдары, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері мен университет ұстаздары және студенттер қатысты.

Жиын барысында Түркиядағы Кастамону университетінің «Заманауи түркі тілдері және әдебиеттері» кафедрасының  PhD докторы, профессор Орхан Сойлемез «Тәуелсіз Қазақстанда тіл, әдебиет және ұлттық бірегейлік», Тіл білімі институты «Ономастика» бөлімінің меңгерушісі, профессор Қыздархан Рысберген «Ономастикалық атаулардың мәдени семантикасы», Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Ырысты Құттымұратова «Қарақалпақстандағы топонимикалық атаулар» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ өзге де ғалымдар тіл білімі саласындағы өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.