Ана тілін құрметтеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру мақсатымен Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл – халқымыздың рухы» атты әдеби кеші өтті.
Кеш «Алаш аманаты» күйімен ашылды. Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Алтыншаш Асхатова оқырмандарға ана тілінің қоғамдағы орны мен рөлі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ №13, №20 орта мектептерінің оқушылары өлең шумақтарын оқып, сұрақ-жауап ойынына белсене қатысты.
Кеште, сонымен қатар «Ана тілі» көрінісі қойылды. «SMart» өнер мектебінің өнерпаздары сыңғырлаған күйін, әсем ән мен би шашуын ұсынды. Содан соң «Ана тілі – болашақтың кілті» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.