Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тікелей эфирде сөйлеп тұрған журналистті көлік қағып кетті (видео)

0 417

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында тікелей эфирде сөйлеп тұрған журналистті көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосын әріптесі Ли Кей Говард Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан хабар таратып тұрған WSAZ телеарнасының репортері Тори Йоргиді жол талғамайтын көліктің қалай қаққанын көруге болады.

​Алайда араға бірнеше секундтар салып, қыз кадрға қайта шығады. Сөйтіп тікелей эфирін жалғастыра береді.

«О, Құдайым! Жаңа ғана мені көлік қағып кетті, бірақ жағдайым жақсы. Уайымдамаңыздар «, – дейді ол.

Ролик әлеуметтік желіде жылдам тарап, бірнеше мың қаралым жинап үлгерді.

Сонымен қатар жұртті жүргізуші Тим Иррдің реакциясы таңғалдырды. Желі қолданылушылары “оның бұндай жағдайда күнде көріп жүргендей, сабырлы отырғаны несі” деп пікірлерін білдіріп жатты.

«Жүргізушінің бет-әлпетінде алаңдаушылықтың болмауы елең еткізді, ал репортерге » Эмми», «Оскар», «Алтын глобус» және Нобель сыйлығын беруді ұсынамын», – деді желі қолданушыларының бірі.

«Жүргізуші оны көріп тұр ма, әлде телесуфлерге қарап тұр ма?» – деп жазды тағы біреуі.

Журналистке мамандығын ауыстыруға кеңес берген оқырмандар да табылды.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.