Қалалық қоғамдық-саяси газет

«The Study» талапты жастың арманын орындайды

0 443

Елімізде жоғары білімнің қолжетімді болуына ерекше мән берілген. Себебі ол – адами капиталдың сапасын көтеретін бірден-бір фактор. Ал адами капитал – Қазақстанның жан-жақты дамуының негізгі іргетасы.

Жыл өткен сайын елімізде мектеп түлектерінің саны өсіп келеді. Алайда жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты негізінде білім алу әркімге бұйыра бермейтін бақ. Ал шетелдік білім ордаларына оқуға түсу тіптен қиын.

Бір қуанарлығы, елімізде талапты жастардың білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру бағытында еңбек етіп келе жатқан ұйымдар баршылық. Соның бірі – «The Study» компаниясы. 2018 жылы құрылған ұйым мектеп бітірушілерге Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның бірқатар мемлекетінде жоғары білім алуға жағдай жасап келеді. Аталған мақсатта ол елдердегі ең сенімді және жетекші университеттермен ынтымақтастық орнатқан.

«The Study» білім беру орталығы – өз ісіне адал және жауапкершілікпен қарайтын, тынымсыз дамып келе жатқан жоба. Қазіргі уақытта орталықта 20 маман қызмет етеді. Компанияның қолдауының арқасында жыл сайын 500-ден астам түлек шетелдік оқу орындарына түсіп келеді. Ал ашылғалы студент атанған жастар саны 10 мыңнан асып жығылған. Бұдан бөлек, жылына 20 түлек компанияның бюджеті есебінен оқуға тегін түсуге мүмкіндік алып отыр.

Қарқынды еңбегінің нәтижесінде «The Study» 2022 жылы «Жыл компаниясы» атанған. Жастардың әлемнің үздік оқу орындарында жоғары білім алуына жағдай жасап келе жатқан білім беру орталығының жұмысына тек табыс тілейміз!

Назерке ШАЙЗАДАЕВА,
Гүлдана ЖҰМАДІЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
«Конвергенттік журналистика» білім беру бағдарламасының
4-курс студенттері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.