Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теріде көрінетін коронавирус симптомы аталды

0 221

Онкодерматолог Екатерина Вертиева COVID-19 тері ауруларының өршуіне әкелетінін айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Маман «омикрон» немесе «дельта» сияқты коронавирустың штамдарында бірдей дерматологиялық белгілер байқалатынын түсіндірді.

«Коронавируста жиі кездесетіні – улы эритема. Бұл терідегі көк дақтардың пайда болуы. Ауыз қуысының шырышты қабығына зақым келуі де мүмкін, яғни ауызда көбік пайда болады, бірақ бұл сирек кездеседі. Көкшіл дақтар негізінен теріде шығады», – деді Вертиева.

Маманның айтуынша, коронавирустың дерматологиялық белгілері арасында екінші орында есекжем түр. Басқа аурулар да кездеседі.

«Коронавирустың өзі тері ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Біз теңге қотырдың өршуін немесе басталғанын, оғаш дерматиттің өршуін көріп отырмыз», – дейді Вертиева.

Маман, сонымен қатар, сирек жағдайларда COVID-19 пациенттерде тері тамырларының зақымдалуына (васкулит) әкелуі мүмкін екенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.