Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тентектер тыйылмай тұр

0 180

Жазғы демалыс кезінде облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды болдырмау бойынша мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізді.

3 ай ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1625 кәмелетке толмаған бала жеткізілген. 1032 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жасөспірімдердің үйден кетуінің 12 дерегі тіркеліп отыр.

– Жазғы демалыс кезеңінде облыста 90-нан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Білім беру бөлімдерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 364 жайсыз отбасы және ІІО есебінде тұрған жасөспірімдердің отбасылары тексерілді.
Жастар көп жиналатын орындарда, су айдындарында және демалыс орындарында жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылды, – дейді ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.