Қалалық қоғамдық-саяси газет

Телефонын сұрап, теңгесін аударып алған

0 213

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 20 жастағы қала тұрғыны жеке шотынан 48000 теңгенің жоғалғандығын айтып шағымданады. Полиция қыз- меткерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыс- тарының нәтижесінде 25 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны ұсталған.

Күдіктінің айтуынша, ол жәбiрленушiмен бір көлікте келе жатып, ақша аудару барысында оның жеке 4 санды құпия санын көріп алған. Содан кейін азаматтан хабарласып алу үшін ұялы телефонын сұрап, жеке шотына кіріп, ақшасын өз шотына аударып алған.

Жан-жақты анықтау барысында күдіктінiң дәл осындай жолмен Шымкент қаласының тұрғынынан 100000 теңге көлемінде ақша аударып алғандығы белгілі болды.

Жалпы шығын көлемі 148000 теңгені құраған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2- тармағымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.